RU

Қазақша көйлек киіп, шылым шегіп тұрған қыздар сынның астында қалды

Наурыз мерекесін тойлау кезінде ұлттық киім киіп, шылым шегіп тұрған қыздардың фотосы ғаламторда қызу талқылануда.

 Бұл туралы Алаш айнасы жазады.

"Әншейінде ұлттық киім кие бермейтін қыздар басқа басқа Ұлыстың ұлы күнінде құлпырып шыға келеді. Алайда үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек киген қыз кенет тосын қылық танытса ше? Мәселен, жұрт көзінен тасалау жерге шығып, көк түтінді будақтатса... Кеше Алматы көшелерінің бірінен әлдекім осындай сәтті сырт ектізіпті. Әлеуметтік желі жұртшылығын шу еткізген осы фото болды десек, қателеспеспіз, сірә", - деп жазады сайт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/361300-kazaksha-kojlek-kiip-shylym-shegip-tyrgan-kyzdar-synnyn-astynda-kaldy.html