Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси жылдық табысы бойынша Роналдудан озып кетті

Опубликовано:

Барселона шабуылшысы Лионель Мессидің жылдық табысы 65 млн евроға жетіп, ол "Реал" жұлдызы Роналдудан озып кетті, деп хабарлады vesti.kz.

Үшінші орында да "Барселона" ойыншысы Неймар тұр. Лионель Мессидің табысы 2014 жылы 65 млн евроға жеткен. Бұл жетістігімен ол Криштиану Роналдудан (54 млн) айтарлықтай озып кетті, деп жазады France Football.

Оның табысының артуына клубпен және жарнама агенттіктерімен жасалған келісімдердің көп болуы әсер еткен. Бұл сатыда Неймардың табысы 36,5 млн еуроға жетті.

2014 жылы ең көп табыс тапқан футболшылар:

1. Лионель Месси (Аргентина, "Барселона") - 65 млн евро;

2. Криштиану Роналду (Португалия, "Реал") - 54 млн евро;

3. Неймар (Бразилия, "Барселона") - 36,5 млн евро;

4. Тиаго Силва (Бразилия, "Пари Сен-Жермен") - 27,5 млн евро;

5. Робин ван Перси (Нидерланды, "Манчестер Юнайтед") - 25,6 млн евро;

6. Гарет Бейл (Уэльс, "Реал") - 23,8 млн евро;

7. Уэйн Руни (Англия, "Манчестер Юнайтед") - 22,5 млн евро;

8. Златан Ибрагимович (Швеция, "Пари Сен-Жермен") - 21,5 млн евро;

9. Серхио Агуэро (Аргентина, "Манчестер Сити") - 21,2 млн евро;

10. Роберт Левандовский (Польша, "Бавария") - 20,2 млн евро.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/361370-messi-zhyldyk-tabysy-bojynsha-ronaldudan-ozyp-ketti/

pixel