Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру стандарты өзгертіледі

Опубликовано:

Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру стандарты өзгертіледі.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі, орта білім және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, осының нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңартылады.

Мектеп алдындағы сыныптар мектепке дейінгі білім беруге жатқызылатынына тоқталған Жаңыл Жонтаева мектеп алдындағы (5-6 жастағы балалар) дайындықпен қамтылған балалардың үлесі 99,6 пайызды құрап отырғандығын жеткізді.

Атап айтқанда, жаңа стандарт Қазақстанның түрлі облыстарындағы 30 мектепке қанатқақты жоба ретінде енгізіледі.

Білім және ғылым министрлігі мектеп алдындағы сыныптардың білім беру бағдарламаларын сынақтан өткізуді 2015/2016 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастамақ.

Сонымен қатар, 2015-2017 жылдары Қазақстанда 73 мектептің құрылысына Ұлттық қор қаражаты есебінен 60 миллиард теңгеден астам мектеп салынады деп жоспарлануда.

"Ұлттық қор есебінен 2015-2017 жылдарға жалпы сомасы 61,9 млрд теңге бөлінген", - деді министрдің орынбасары.

2015 жылға - 14,3 млрд теңге, 2016 жылға - 23,9 млрд теңге, 2017 жылға - 24,5 млрд теңге қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/361445-kazakstanda-mektepke-dejingi-bilim-beru-standarty-ozgertiledi/

pixel