Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем жұрты 60 минут қараңғыда отырады

Опубликовано:

28 наурыз күні кешкі уақытта бүкіл әлем жарықтан бас тартады. Жер бетінде электр құралдарының барлығы сөндіріліп, жұрт алпыс минут бойы қараңғыда отырады деп хабарлайды КТК арнасы.

"Жер сағаты" деп аталатын бұл акцияны өткізуді әлем елдері дәстүрге айналдырған. Яғни, наурыз айының соңғы сенбісінде кешкі сағат сегіз жарым мен тоғыз жарым аралығында үйдегі, кеңседегі жарық көздері сөндіріліп, электр энергиясы бір сағатқа тыным табады.

Бұл шара табиғаттан гөрі, тұрмысты көбірек күйіттеп кеткен адам баласының назарын бір сәтке болса да жер бетіндегі жойылып бара жатқан жабайы жаратылысқа көңіл аудартып, электр қуатын үнемдеу үшін ойлап табылған. Оған, әрине, біздің ел де атсалысады.

Қазір Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасының, Астанадағы "Бәйтерек" кешені, Орталық мешіт, тіпті Ақорданың да ертең алпыс минут бойы жарықсыз отыратыны мәлім болды.

Жалпы, осы шара арқылы еліміз бойынша 1 миллион килловат электр қуаты үнемделіп, ауа 600 тонна көмірдің түтінінен тазарады деп күтілуде.

"Бұл ерікті акция. Яғни қинау деген жоқ. Сондықтан тұрғындар өздері қалап электр қуатынан бас тартуы қажет. Жарық орнына балауыз шамын жақса болады. Есесіне, отбасымен, достарымен бірге уақыт өткізе алады", - дейді "Жер сағаты" акциясының үйлестірушісі Жанар Сәмбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/361777-elem-zhyrty-60-minut-karangyda-otyrady/

pixel