RU

Сальвадор мен Аргентина арасындағы ойында Қазақстанның әнұраны қойылып кетті (видео)

Футболдан Сальвадор мен Аргентина құрамалары арасындағы жолдастық кездесудің басында Орталық Америка елінің әнұранының орнына Қазақстанның әнұраны қойылып кетіпті.

Мұндай ақпаратты британдық Daily Mail таратты, деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы.

Сальвадор құрамасы мен Аргентина арасындағы ойын АҚШ-тың астанасы Вашингтондағы "Федэкс-Филд" стадионында өткен.

Басылым ойын алдында Сальвадор құрамасының 'Himno Nacional de El Salvador' деп аталатын ресми әнұранының орнына Қазақстанның ресми әнұраны - "Менің Қазақстаным" қойылып кеткені туралы хабарлап отыр.

Оған дәлел ретінде Youtube-қа салынған видеоны да көрсеткен. Бірақ, сол Youtube-тағы видоны қарасаңыз, стадионда шырқалған гимн Қазақстанның әұраны емес екені естіледі.

Айта кетейік, Сальвадор мен Аргентина құрамалары арасындағы ойын 0:2 есебімен Оңтүстік америкалықтардың пайдасына аяқталды.

Алдымен 54-минутта Сальвадро құрамасының қорғаушысы Нестор Рендерос өз қақпасына гол соғып алса, 88-минутта Федерико Манкулэльо есепті еселеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/361937-salvador-men-argentina-arasyndagy-ojynda-kazakstannyn-enyrany-kojylyp-ketti-video.html