RU

Қызылшаға қарсы үндістандық вакцинаның сараптамасы 20 сәуірде аяқталмақшы

Қазақстанда қызылшаға қарсы егілетін үндістандық вакцина сапасына сараптама 20 сәуірге қарай аяқталмақшы. Бұл туралы депутаттар сауалына жауап берген премьер-министр Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

"Сіздердің қызылшаға қарсы қосымша иммундауға және иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер (бұдан әрі - ИКҚК) жағдайларының тіркелуіне қатысты сұрауларыңызға мынаны хабарлаймын", - делінген ол жауапта.

Қызылшамен сырқаттанушылықты тұрақтандыру мақсатында егілмеген, жасы бойынша толық егілмеген және вакцинацияланудың құжаттамалық растауы жоқ адамдарды анықтау жәневакцинациялау жүргізілуде. Қазіргі уақытта әрбір әкімшілік аумақта балаларды қызылшаға қарсы екі дозамен иммундаумен қамтудың жоғары (95 % кем емес) деңгейі сақталуда.

Еліміздің Иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комитетінің ұсынымдарына сәйкес 15 жастан үлкен адамдарға қосымша иммундау жүргізілді. Ағымдағы жылғы 19 ақпанға 523745 жасөспірім егілді (егуге жататындардың 59,4%-і). ИКҚК-нің тіркелуіне байланысты қызылшаға қарсы қосымша иммундау вакцинаның сапасын сараптаудың түпкілікті нәтижелерін алынғанша, ИКҚК- нің пайда болу себептерін зерделегенше және ДДҰ сарапшыларының қорытындысын алғанға дейін 2015 жылғы 4 мамырға дейін тоқтатылған болатын.

Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ИКҚК-ге күнделікті мониторингілеу жүргізеді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында қызылшаға қарсы вакцина егуге қолайсыз көріністер бойынша ахуалды зерделеу үшін жұмыс тобы құрылды. Жүгінген адамдарды одан әрі емдеу тәсілдері, диагноз қою, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, халықпен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу мәселелері талқыланды.

Бүгінгі күні SerumInstituteofIndia (Үндістан) өндірісінің ерітіндісі бар 93 құты көлеміндегі қызылшаға қарсы моновакцина үлгілері Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығында 16 физикалық-химиялық және биологиялық көрсеткіштер бойынша сынақтан өтуде. Сынақты 2015 жылғы 20 сәуірде аяқтау жоспарлануда.

Үкімет бұдан әрі де халық арасында қызылшамен сырқаттанушылықты тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдайтын болады, делінген Сапарбаевтың депутаттардың сауалына берген жауабында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/362062-kyzylshaga-karsy-yndistandyk-vakczinanyn-saraptamasy-20-seuirde-ayaktalmakshy.html