RU

Мейрамбек Бесбаев ұлын перзентханадан шығарды (видео)

"Музарт" тобының белді мүшесі, елдің сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев ұлын перзентханадан шығарды деп хабарлайды 31 арна.

Бесбаевтар әулетіндегі көптен күткен қуанышқа бүкіл қазақ халқы ортақтасқан еді. Мейрамбектің телефонына тыным бермегендер өз алдына, әлеуметтік желілерде мега-жұлдыздың екінші рет әке атанғанына қуанып, тілек жазғандардың саны өте көп болды.

Перзентхана алдында құшақ-құшақ гүл мен әдемі шарларын қолына ұстап, Мейрамбек Бесбаевтың ең жақын дос-жарандары мен туыстары жиналды.

Сәкен де, Кенжебек те, Музартқа жиі сөз жазатын ақын Талант Арғынғали да осында. Сондай-ақ бұл қуаныштың басты иесі, Мейрамбектің әжесі шөбересін перзентханадан шығарып алуға арнайы келген.

Қолына сәби ұстаған Мейрамбектің бұл күн ең бақытты күні. Бесбаевтың ұлы Алматы қаласындағы нөмірі үшінші перзентханада дүниеге келді. Әншінің сәбиін достары әндетіп шығарып алды. Расында да бақыттан басы айналған әке сезімін жеткізе алмады. Толқығаны соншалық сөйлемей-ақ қояйыншы деді.

Бесбаев мырза ұлын аппақ джипке мінгізіп алып кетті. Ал қызы Кәусар енді інілі болғанына қуанышты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/362106-mejrambek-besbaev-ylyn-perzenthanadan-shygardy-video.html