RU

Күндіз көлік шамын жағып жүру апатты азайтқан

Жұртты дүрліктірген жаңа заң нәтижесін бере бастағандай. Көлік шамын күндіз де қосып жүруге міндеттегелі жолдағы өлім-жітім айтарлықтай азайғаy деп хабарлайды КТК арнасы.

"Жол қозғалысы туралы" заң қабылданғанда біраз түсініспестік туындағанымен, оң нәтижесін енді бере бастапты. Яғни жыл басынан бері жол апаты 4,2 пайызға азайған. Бұл көліктің шамын күндіз жағып жүргеннің нәтижесі дейді Ішкі істер министрлігінің шенділері.

Мәселен былтыр елімізде 3 мыңнан аса жол апаты болып, 400-ге жуық адам көз жұмған. Ал бұл жантүршігерлік сандар биыл айтарлықтай азайды деп халыққа хабар таратуға асықты министрліктегілер.

"Жол апаттарының азайғанын атап өткім келеді. Соның ішінде, әсіресе, жаяу жүргіншілермен болатын қайғылы оқиғалар мен белгіленбеген жерде жолды кесіп өту төмендеді. Өйткені, көлік шамының жағылып тұруы адамның перифериялық көруіне әсер етеді. Тағы бір айта кетерлігі, бұл жол жүру ережесінің халықаралық тәжірибесінен алынған", - дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Қанат Сәдуақасов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/362522-kyndiz-kolik-shamyn-zhagyp-zhyru-apatty-azajtkan.html