RU

Қазақстандық автосалондарда төмен пайызбен берілетін несие туралы естімеген

Төмен несиемен темір тұлпар сату науқаны шегерілетін сынды. Cәуір айыннан бастап отандық автокөліктер қолжетімді бағада сатылады деген ақпарат шыққанымен автосалондарда баға әлі өзгеріссіз деп хабарлайды Астана арнасы.

Автосалондар қызметкерлері қолжетімді көлік бағдарламасы нақты қашан бастау алатынын білмейтін болып шықты. Сатушылардың айтуынша, соңғы екі аптада жаңа көлік алғысы келетіндер көбейген. Көпшілігі қолжетімді бағдарлама бойынша үстемақысыз төмен несиемен көлікті болғысы келеді. Виктор Магин арнайы осы күнді күтіп Риддер қаласынан облыс орталығына келді.

"6 пайызбен несиеге алу, бұл - өте жақсы мүмкіншілік. Артық төлем де төлемейсің. Бұрынғы 12-15 пайыз ауыр болатын. Көліктердің барлығы жақсы, отандық қой қайткенімен", - дейді Риддер қаласының тұрғыны Виктор Магин.

Бірақ Виктор Магин автокөлікті тіпті жылына 4 пайыздық несиемен де алуға болатынын естігенде, таңданысын жасыра алмады. Бұл ақпаратты автосалондағы қаржы кеңесшілері де растады. Тек, арнайы бағдарлама қай күннен бастап іске асатынын ешкім дөп басып айта алмады.

Өкінішке орай, бұл бағдарлама әлі іске аспады. Десек те, халықтың қызығушылығы көп. Келіп кеңес сұрап жатқандар да аз емес. Әзірге нақты қай күні екенін айтпады

"Өкінішке орай, бұл бағдарлама әлі іске аспады. Десек те, халықтың қызығушылығы көп. Келіп кеңес сұрап жатқандар да аз емес. Әзірге нақты қай күні екенін айтпады. Бірақ сәуірде деген", - дейді Ғалима Нұржанова, қаржы кеңесшісі.

Банк комиссиясынсыз. Төмен несиемен отандық жеңіл көлікті алуға биыл Ұлттық қордан 15 миллиард теңге бөлінді. Бұл шамамен 4-6 мың автокөлік алуға жетуі тиіс. Бірақ бұл бағдарлама қашан бастау алар белгісіз. Автомобиль өндірушілердің өздері де білмейді.

"Менің ойымша, сәуір ортасында бұл мәселе өз шешімін табады. Қаржы келіп түссін, рұқсат берсін, содан кейін жұмысты бастаймыз. Бір сөзбен айтқанда, жаңа бағдарламаның басталуын көлік өндірушілер де, банктер де, қарапайым халық та күтіп отыр", - дейді автоорталық директоры Игорь Ульянов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/362526-kazakstandyk-avtosalondarda-tomen-pajyzben-beriletin-nesie-turaly-estimegen.html