Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ блогері жезөкшемен болған сұхбатын жариялады (видео)

Опубликовано:

Қазақ блогері Алматыдағы жезөкше қыздардың бірімен сұхбат жасап, ғаламторға жариялады.

Блогер мен жезөкше арасындағы сұхбат Oishogyr.kz сайтында жарық көрген.

"Бұл оқиға сағат түнгі 00:00-ден асқан кезде болды. Далада жаңбыр құйып тұр. Көлікте блогер досым Думан Қапасов екеуміз отырмыз. Сейфуллин көшесін 3-4 рет айналдық. Реті келер емес. Кенет көшеге қолшатыр ұстаған сүп-сүйкімді қыз шықты. Бірден тоқтадық. Іздегеніміз де осы. Терезені түсірдім. Қасыма жақындады", - деп жазады автор.

Блогер Берік Сұлтан өзіне сұхбат беру үшін жезөкшелерді көндіру оңай болмағанын айтады. Досы екеуі жезөкшеге сұхбат бергені үшін 10 мың теңге береміз деп келіскен.

Ақшаға сұхбат бергізу де оңай болмаған. Блогер 1 сағат дегенде жезөкше қызды әрең көндіріп, аталған сұхбатты желіде жариялағанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/362626-kazak-blogeri-zhezokshemen-bolgan-syhbatyn-zhariyalady-video/

pixel