RU

Танымал жұлдызшы Қазақстандағы президент сайлауында кімнің жеңетінін болжады

Жуырда белгілі жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов өзінің ауа райына қатысты біршама болжамдарымен бөлісті. Ол ауа райынан бөлек  саяси болжамдарын да жасырып қалмаған.

 "Менің болжамдарым әрқашан тура келеді. Жалғыз ауа райының болжамдары емес, мен саяси болжамдарды да тура айта аламын. Маған кейбір таныс саясаткерлер алдағы президенттік сайлаудың қалай өтетінін есептеп қой деп тапсырма берді. Оны да есептеп қойдым", - дейді жұлдызшы.

Қожамсейітов сәуір айында ел аймақтарының салқындайтынын болжаған.

"Солтүстік облыстарда сәуірдің 10-да суық циклон келеді. 18-20 сәуірде қара дауыл соғып, қара суық болады. 2 мамыр кезінде де ауа райы бұзылып, арты қар аралас жаңбырға айналады. Күн күрт суытады", - деді ол.

Сонымен қатар, жұлдызшы ауа райының күрт суытып немесе күр жылып, халықты әбден мезі қылуының себебін айтты.

Зымыран ұшса болды – ауа райы күрт бұзылады. Қыста күрт жылымық, жазда күрт суық әкеліп, ылғалды шамадан тыс жаудырады.

"Оның басты себебі, Ресейдің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырып жатқан зымырандарында. Зымыран ұшса болды – ауа райы күрт бұзылады. Және ол қыста күрт жылымық, жазда күрт суық әкеліп, ылғалды шамадан тыс жаудырады. Мәселен, былтыр 17 наурызда "Протон" ұшырылған соң Павлодар қаласында екі күн 30 градус, екі күн 28-29 градус ыстық болды. Бұл уақытта еліміздің солтүстік-шығысындағы осынау қалада мұндай ыстық ешқашан болмауы керек еді. Соның кесірінен қар күрт еріп, көптеген шаруашылықтар мен нысандар судың астында қалды", - дейді Назарбек Қожамсейітов.

Ол жуырдағы табиғат ауытқушылықтары  19 наурызда ұшырылған "Протонның" кесірінен деп есептейді.

"Алматыда қыстың аяғында осындай көлемде қар жауар ма еді? "Қазгидромет" мұндайдың себебін ғылыми дәлелі болмаған соң айта алмайды. Ал мен оны үнемі айтып келе жатырмын. Табиғат өз тыныштығының, өзінің экологиялық теңгерімінің бұзылғанын ұнатпай, оған өзінің қатал жауабын береді. Сондықтан, зымырандарды тек белгілі уақыттарда ғана ұшыруға келісім беру керек. Соның ішінде көктем мен күздегі жиын-терін науқаны аяқталғанша оларды жібермей қоя тұру керек, оған мораторий жариялау керек деп 2009 жылдан бері айтып келе жатырмын. Оған ешкім жауап та бермейді, құлақтарына да ілмейді", - деп назын білдірді жұлдызшы.

Қожамсейітов табиғат апаттарының түбінде адам қолымен істелген техногендік залалдар жатқанын айтты.

Алматыда қыстың аяғында осындай көлемде қар жауар ма еді? "Қазгидромет" мұндайдың себебін ғылыми дәлелі болмаған соң айта алмайды.

"Америкалықтар экономикасы мен әскери қуаты жағынан Ресейден әлденеше есе қуатты мемлекет бола тұра өздерінің жерсеріктерін орбитаға Ресейдің "Протон" зымырантасығыштарымен миллиардтаған доллар төлеп ұшырып жатқанына неге назар аудармаймыз? Зиянды болмаса олар өздерінде-ақ ұшырар еді ғой. Мені ешкім де тыңдамайды. 2009 жылдан бері айтып келе жатырмын дедім ғой… Ал ғылыми орындар оны дәлелдеуге не шамасы жетпейді немесе мұндайды айтпаңдар деп біреулер қорқытып тастаған. Сондықтан ауыздарын ашпайды", - деп аяқтады әңгімесін танымал жұлдызшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/362721-tanymal-zhyldyzshy-kazakstandagy-prezident-sajlauynda-kimnin-zhenetinin-bolzhady.html