RU

Михаил Горбачевтің көлігі жол-көлік оқиғасына тап болды

КСРО экс-президенті Михаил Горбачев отырған автокөлік жұма күні Мәскеуде басқа бір көлікпен соқтығысты.

Горбачев зардап шекпеген деп хабарлайды ресейлік баспасөз құралдары. Оқиға жұма күні түстен кейін Мәскеудің солтүстік-батыс ауданындағы Куусинен көшесінде болған.

Горбачев мініп келе жатқан "Мерседес" пен "Рено" автокөлігі соқтығысып қалған.

Михаил Горбачев жол-көлік оқиғасы болған жерге шақыртылған басқа автокөлікке отырып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/362806-mihail-gorbachevtin-koligi-zhol-kolik-okigasyna-tap-boldy.html