RU
National Geographic-тің арқасында танымал болған алматылық кондуктор өз пікірімен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

National Geographic-тің арқасында танымал болған алматылық

Рассказать Вконтакте

Жақында National Geographic әлемдік ғылыми-танымдық журналдың ресми Instagram-аккаунтында қазақстандықтарды даурықтырған №25 алматылық автобустың фотосы жарияланған болатын. Автобус кондукторы Еркінбек Есенбеков бұл жағдайға қатысты өз пікірін білдірді.

32-жастағы кондуктор Еркінбек Есенбеков жарты күннен көп уақытын №25 автобуста өткізеді. Оның жұмыс күні таңғы 6-дан басталады деп хабарлады 7 арна.

Үйреншікті маршрут Орталық мәдениет және демалыс паркінен Алматы шетіндегі "Айгерім" ықшамауданына дейін жүреді. Күнделікті бір сарынмен жұмысқа шыққан Есенбеков шетелдік фотограф Шоул Шварцтың объективіне түсетінін білмеген. Фото 15 миллион тұрақты жазылушысы бар National Geographic Instagram-аккаунтінде жарияланды. Бар қызық содан басталды.

"Интернеттегі фотомды қарындасым көріп, маған айтты. Әрине, бұл қызық жағдай болды, не дерімді де білмей тұрмын. Маған енді барлығы қоңырау шалып, cмс жазып, фотоны көргендерін айтуда. Ал мен болсам шыны керек, мені түсіріп алған сәтті байқамаппын", — деді Есенбеков.

Алматының 25 автобусы түсірілген фото санаулы сағат ішінде 2 мың пікір мен 135 мың "лайк" жинады. Көпшілік бұл сәтсіз фото Алматының жақсы тұстарын көрсетпейтініне реніш білдіруде.

Пікір қалдырушылар "@natgeo қаланы дұрыс көрсете алмаған, фотодан алматылықтар Африканың дамымаған елдерінен де кедей тұратындай әсер қалады" деп отыр.

Журналист-фотограф Григорий Беденко бұл Шоул Шварцтың стрит-фото стилінде түсірілген қарапайым фотоларының бірі деуде.

Ал Еркінбек болса, Instagram-ды пайдаланбайтынын және бұл фото оның өмірін айтарлықтай өзгертпегенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel