RU

Бір төсекте ұйықтап жатқандарды екі бөлек уақытта оятатын құрылғы пайда болды

Wake деп аталатын оятқыш құрал бір төсекте ұйықтаған екі адамды олардың қалауынша екі бөлек уақытта оята алады деп хабарлайды 24.kz.

Бұл ультрадыбыстың көмегімен іске асырылып, ұйқыда жатқан екінші адамды ешбір мазаламайды. Wake құрылғысы Wi-Fi арқылы смартфонға арналған қосымшамен байланысып, ол дәл оятылуы тиіс адамға сілтейді.

Әрі қарай гаджет оны дененің жылулық сәулеленуінен белгі беретін құрал арқылы тауып алады. Сол сәтте ұйқыда жатқан адамға қарай бағытталған ультрадыбыстық толқын жіберіледі.

Ол өте тар арнамен өткендіктен тек бір адамды ғана оятады. Оның бетіне ақ жарық диодты лампа түсіп, оянушы өзін неғұрлым табиғи ортада ұйқыдан тұрып жатқандай сезінеді екен.

Егер адам оянғанымен тұрмай, келесі бүйіріне ауысып жатса, Wake оны ізінен қалмастан қайтадан тұрғыза бастайды. Ол толығымен тұрып кетпейінше осылай бола береді.

Енді бұл құрылғыны өндірісте шығару үшін Kickstarter жобасына 100 мың доллар жинау керек. Барлығы ойдағыдай болса, оятқыш құрал қыркүйек айында тұтынушыға жол тартпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/363288-bir-tosekte-yjyktap-zhatkandardy-eki-bolek-uakytta-oyatatyn-kyrylgy-pajda-boldy.html