RU

Ислам ғаламшардағы ең көп таралған дін атануы мүмкін

Исламның осыншама қарқынмен таралып жатқаны соншалық, ол осы жүзжылдықта-ақ ғаламшарда ең тараған дін атануы мүмкін, деп хабарлайды Иран телеграф агенттігі.

Америкалық Pew Research Center талдаушылары жүргізген зерттеу мәліметтеріне сәйкес, 2050 жылға таман мұсылмандардың саны христиандардың санымен теңеседі, ал 2070 жылда ислам әлемде ең тараған дін атануы мүмкін, егер әлемде бүгінгі бар тренд сақталатын болса.

"2010 жылға дейін христиандық 2,2 млрд дерлік дінге сенушісімен (Жер халқы санының үштен бірі) сандық қатынаста әлемдегі көшбасшы дін болған еді", - делінген баяндамада.

Исламды бүгінгі таңда 1,6 млрд адам, немесе бүкіл адамзаттың 23%-ы ұстанады. Алдағы онжылдықта исламның позициясы ғаламшар халқы санының өсімін қаперге ала отырып, нығая түспек. Мұсылмандардың саны 73%-ға ұлғаяды, христиандар саны – 35%-ға.

Осылайша, белгілі бір сәтте екі көшбасшы әлемдік дін ұстанушылар саны бойынша тепе-теңдікке жетеді: 2,76 млрд мұсылман және 2,92 млрд христиан, деп атап көрсетуде зерттеу авторлары. Ислам дінінің қарқынды дамуын түсіндіруші басты факторлар мұсылмандық дінге иман келтіруші халықтың географиялық бөлінуі, сондай-ақ басымырақ мұсылман емес елдерде исламды қабылдаушы адамдар санының өсуі болып табылады.

"Мұсылмандар халықтың ең тез өсімі белгіленген әлем аймақтарында шоғырланған", - дейді Pew Research Center директоры Алан Куперман.

2050 жылы-ақ Үндістан әлемде мұсылман жамағаты ең ірі ел ретінде Индонезияны басып озады. Еуропада мұсылмандардың үлесіне халықтың жалпы санының 10%-ы келетін болады, Африкада, Сахараның оңтүстігіне қарай өмір сүретін әрбір он адамның төртеуі мұсылман болмақ, ал олардың қазіргі саны 25%-ды құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/363364-islam-galamshardagy-en-kop-taralgan-din-atanuy-mymkin.html