RU

Тайланд әскеріне шақырылған транссексуалдар (фото)

Барлық тай жігіттері әскерге бару жасына жеткенде аймақтық әскери коммисариатқа тіркелуі керек. Борышын өтеуге шақырылатындардың арасында жігіттердің ерекше түрі де баршылық. Warnet.ws сайты назарларыңызға тайлықтардың әскерге алыну сәттерінен фотолар ұсынады.

Тіркелгендер арнайы медициналық тексерістен өткізіледі.

Бұрындары жынысын өзгерткен ер азаматтар борышын өтеуге шақырылмайтын болса, қазірде жағдай өзгерген.

Транссексуалдарды "есінен адасқан" деп санап, еш жерде жұмысқа алмай, тіпті кредит бермейтінін аңдаған көпшілік, құқықтарын қорғап, әскерге қабылдануға да рұқсат беруіне қол жеткізген.

Борышын өтеуге шақырылғандардың арасында өзін қыздарға айналдырғандарды оқшаулап, жігіттерді үш топқа бөлген.

1 топ – кәдімгі жігіттер. 2 топ – кеудесін әйелдердікіндей етіп өзгерткендер. Және 3 топ – толықтай жынысын ауыстырғандар.

1-топтағылар еш кедергісіз алынады. Ал 2 және 3-топтағылар тізімге жігіттер толмай қалған жағадайда ғана алынады.

Жігіттер санының толмай қалу жағдайы өте сирек кездеседі. Себебі, борышын өтегісі келетіндер Тайландта тым көп. Тіркеуге келген жігіттердің әдетте 20-30 пайызы ғана өтеді.

Тайлықтар бұл мәселеге жаңа шешім тапты. Барлық әскерге барғысы келетіндер лотореяға қатысады. 

Олар кезекпен бөшкеден шарлар алып шығады. Ақ шар түссе, жігіт әскерге алынды деген сөз. Қарасы түссе, жолы болмады.

Ал жігіттердің жақындары бұл үдерісті тамашалап, әскерге барушыларды қолдау үшін ағылып келеді. 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/363817-tajland-eskerine-shakyrylgan-transseksualdar-foto.html