RU

Қазақстан әлеуметтік прогресс индексінде 83 орынға көтерілді

Қазақстан әлеуметтік прогресс индексінде 133 елдің ішінде 83 орында, деп хабарлады америкалық Social Progress Imperative ҮЕҰ.

Рейтингте Қазақстан 2014 жылмен салыстырғанда үш жолға жоғары көтерілді, алайда әлеуметтік прогресс деңгейі ортадан төмен елдер қатарында қала береді.

Осы санатта келесі елдер бар: Өзбекстан (90-орын), Қырғызстан (93-орын), Тәжікстан (96-орын). Сондай-ақ Грузия, Армения,Украина (сәйкесінше 60, 61 және 62-орындар), Беларусь (66-орын), Молдова (70-орын), Ресей (71-орын), Әзірбайжан (76-орын).

Рейтингтің алғашқы үш жолында Норвегия, Швеция және Швейцария, ал соңғы үш жолында – Ауғанстан, Чад және Орталық Африка Республикасы тұр.

Әлеуметтік прогресс индексі азаматтардың әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін өлшейді, ол 54 критерийден тұрады және ІЖӨ-ге қарамайды. Оны АҚШ-та тәркелген Social Progress Imperative үкіметтік емес ұйымы жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/363986-kazakstan-eleumettik-progress-indeksinde-83-orynga-koterildi.html