RU

Ойдағыдай болмады: көңіл қалдырарлық туристік саяхаттар (фото)

"Жалған" Дубай, "лас" Венеция және "қауіпті" Лос-Анджелес — осылайша баға берген Reddit.com сайты көңілден шықпайтын ең танымал туристік бағыттарды тізбектеп шықты.

Мысыр, сөзсіз, әлемдегі ең танымал туристік бағыттардың бірі. Біреулер ол жерге пирамидаларды көруге барса, біреулер дайвинг үшін саяхатқа аттанады.

Барлығы фараондар елінен риза болмай қайтады деуден аулақпыз. Десек те, көпшілігі сервистің нашарлығы, көшелердің ластығы және саудагерлердің алдауға әуестігі саяхаттың шырқын бұзғандығын жасырмайды.  

 

Стоунхендж. Кей туристер оның суретте әлдеқайда әдемі көрінетіндігін айтады. Алғаш көргендер оның кішкентай екендігіне, ал жақыннан көруге мүмкіндік беретін жол жасалмағанына шағым білдіреді. Экскурсия алыстан көз тігумен ғана аяқаталады екен.

 

Ал Лос-Анджелеске барсаңыз, "Періштелер қаласының" лас әрі қауіпті екеніне көз жеткізесіз. Сонымен қатар, турситерді қаланың ұзын-сонар кептелістері шаршатады екен.

Танымал "Даңқ аллеясы" да көңіліңізден шықпауы мүмкін. Себебі, дәл сол жерде ұйықтап жатқан үйсіз азаматтарды жиі кездестіретін боласыз.

 

Дубай "жалған" әрі "қонақжай емес" қала деп аталды: зәулім құрылыстардың қасындағы ескі лашықтар көңіл-күйді түсіреді. Және ең бастысы, Дубай - өте ыстық қала. 

Париж — әлем бойынша ең көп туристер жинайтын қалалардың бірі. Жыл сайын мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен 32 млн адам келеді.

Лувр, Эйфель мұнарасы, Монмартр және өзге құрылыстары көңілден шығады. Алайда, туристерді жергілікті тұрғындар қонақжайлықпен қарсы алуы екіталай.

"Мен тіпті кофеге тапсырыс бергенде, даяшының жеккөрінішті көздерін байқадым", — деп шағымданады Reddit.com пайдаланушыларының бірі.

 

"Туристер үшін ең ірі қақпан" деп Венеция танылды. Ол жерде туристер көп болатыны соншалық, тіпті кафеде бос орын табылмайды екен. Ендігі Венеция тұрғындары туристер жайлы не ойлатынын пайымдай беріңіз.

Сондай-ақ Балидің айтарлықтай дамымаған инфрақұрылымы, онша таза емес жағажайлары туристердің аталмыш аралды жұмақ орын деп атауға лайық еместігін байқатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/364261-ojdagydaj-bolmady-konil-kaldyrarlyk-turistik-sayahattar-foto.html