RU

Бүгін Қазақстанда Ұлттық ғашықтар күні тойлануда

Қазақстан жастары бүгін Ұлттық ғашықтар күні мерекесін тойлауда деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" күні елімізде 2011 жылдан бері атап өтіледі. Белсенді жастар 14 ақпанда тойланатын әулие Валентин күніне балама ретінде 15 сәуірді ұсынған болатын.

Бүгінде бұл мереке қазақ жастарының арасында кеңінен танымал. Дәл осы күні әлеуметтік желілер арқылы бірін-бірі құттықтап жатқандардың қатары қалың.

Мерекеге орай Алматыда ғашықтарға арналған субұрқақ ашылды.

Қозы мен Баянның махаббатын үлгі еткен жастардың бұл мерекеге байланысты түрлі шаралар өткізіп, сүйіктілерін құттықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/364508-bygin-kazakstanda-ylttyk-gashyktar-kyni-tojlanuda.html