RU

YouTube желісі қазақша "сөйлей бастады"

YouTube сайтын жасаушылар бейнежазбаны іздеу үшін тілдер тізімін кеңейтті.

 

Видеохостинг қызметін ұсынатын интернет-сервис әлемдік тілдер қатарын тағы 15 тілмен толықтырып отыр, оның ішінде қазақ тілі де бар.

"Google компаниясының интернет-сервисі –YouTube тағы 15 тілмен толығып отыр, нәтижесінде сайт әлемнің 76 тілінде қолжетімді",- деп атап өтті сайтты жасаушылар.

Бүгінде аталған сайт ғаламтор пайдаланушылардың 95%-ын қамтиды. Бұл жолы қосылған 15 тілдің тізімі: қазақ, әзербайжан, армян, бирман, грузин, кхмер, қырғыз, лаос, македон, моңғол, непаль, пенджаби, сингаль, албан, өзбек тілдері.

Естеріңізге салып өтсек, өткен жылдың желтоқсанында қазақ тілі атақты Google Translate жүйесіне енгізілген еді.

Екі жыл бұрын "Wikibilim" қоғамдық қоры қазақ тілін жаһандық Google Translate аударма сервисіне енгізу бойынша жобаны іске қосқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/364535-youtube-zhelisi-kazaksha-sojlej-bastady.html