RU

Алма мен көк шай қатерлі ісіктен сақтайды

Ғалымдар алма мен көк шайдың құрамындағы "полифенол" қан тамырларында эндотелий жасушаларының өсу факторының әсерін жою арқылы обыр мен атеросклероз ауруларын пайда болдырмайтынын анықтады, деп жазады Росбалт.

"Қан тамырлары эндотелийінің өсу факторы" деп аталатын ақуыз қан тамырлары жүйесінде немесе ұрықтың эмбриондық дамуы барысында жаңа қан тамырларының өсуін бақылайды.

Ақуыздың негізгі қызметі - жарақат алғанда немесе қан тамырларының қызметі тоқтағанда ағзада жаңа қан тамырларын түзу, зақымданған бұлшық еттерді қалпына келтіру. Алайда ақуыздың жоғары белсенділігі, мысалы, қатерлі ісіктің дамуы сияқты ауыр дерттерге әкелуі мүмкін.

Ғалымдар көк шай мен алманың құрамында болатын полифенол қан тамырлары эндотелийінің өсу факторларының белсенділігін төмендететінін анықтады. Бұдан басқа, бұл антиоксиданттар қан тамырларын кеңейтіп, олардың бітелуі мен зақымдануының алдын алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/364631-alma-men-kok-shaj-katerli-isikten-saktajdy.html