RU

Қайрат Нұртастың әкесі жеке альбомын шығарды

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбековтың жеке альбомы жарық көрді. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке әншінің арт-директоры Лаура Сейтбекова айтып берді.

Директордың айтуынша, альбом "Жылдар өтсе де" деп аталады. "Альбомға 15 өлең еніп отыр. Ішінде баласы Қайрат Нұртаспен айтқан дуэті де бар. Бұл альбомның ерекшілелігі - өзіміздің KN орталығында шығарылуында. Алдағы уақытта Нұртас Айдарбековпен Қазақстанның бірнеше қаласын аралап қайтуды жоспарлап отырмыз", - деді Лаура.

Айта кетейік, белгілі әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков соңғы кезде әншілігімен елге танылып жүр. Ол осыған дейін екі бейнебаян түсіріп үлгерді.

Оның "Жылдар өтсе де" деп аталатын бейнебаянына әйелі Гүлзира Айдарбекова мен баласы Қайрат Нұртас түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/364666-kajrat-nyrtastyn-ekesi-zheke-albomyn-shygardy.html