RU

Тұрсынбек Қабатов оралдық жерлестеріне 500 мың теңге аударды

Оралдың тумасы, өнерімен барша Қазақстанға танылған белгілі әзілкеш шоумен Тұрсынбек Қабатов өзінің жерлестеріне қолдау білдіріп, есепшоттарына 500 мың теңге қаржы аударды.

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде кәсіпкер Біржан Құжақов Тұрсынбек Қабатовтың мүгедек жандарға көмектесем деп сөз беріп, сөзінде тұрмай кеткені туралы жазған еді. Біржан мырзаның айтуынша Тұрсынбек мүгедек жандардың кәсібіне қажетті құрылғы алып берем деп уәде еткен екен.

Алайда өнер иесінің уақыты болмай, қарбалас жұмыстармен жүргенінде есінен шығып кетті ме, әлде мүмкіндігі болмай қалды ма, ол жарымжан жандарға берген уәдесін кешіктіргені туралы ақпарат әлеуметтік желі арқылы жұртшылыққа тарап кетті.

Тағдырдың сынағына мойымай, ешкімге салмақ салмай өздерінің ісін дөңгелетіп отырған мүгедек жандар өздеріне қарата айтылған бір ауыз жылы сөзді көңілдеріне медеу ететіні белгілі. Сондықтан да болар олар Тұрсынбек Қабатовтың қаржылай көмектсеуге тырысам деген сөзіне балаша қуанғандарын жасыра алмады.

Уақыт өте келе олардың көкейінде "жұлдыз" өздерін неге алдады, сөзінде неге тұрмады деге күмән болғаны да өтірік емес. Олар өздерінің назын әлеуметтік желі арқылы көпшілікпен бөлісті. Енді міне, жақында жанашыр азамат, өнерде өз орны бар дарын иесі Тұрсынбек "Ғибадат" ЖШС жұмысшыларын, қолдары алтын шеберлерді, кәсіп иелерін бір қуантып, олардың есепшоттарына 500 000 теңге аударды.

Оралдық мүгедек жандар бір ауыздан Тұрсынбекке алғыстарын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/364672-tyrsynbek-kabatov-oraldyk-zherlesterine-500-myn-tenge-audardy.html