RU

АҚШ-та "суретші" ешкінің туындылары халықты таңқалдыруда

АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы зообақтардың бірінде Боди есімді ешкі сурет салуды үйреніп алған.

 New York Daily News хабарлағандай, зообақ қызметкері Кристин Райт 4 жастағы ешкіні бірнеше айдан бері сурет өнеріне баулып келеді. Ол керекті түсті өзі таңдап, бояғышты ешкі аузына қыстыруға көмектеседі.

Бүгінде Бодидың туындылары 40 АҚШ долларынан сатылып, ерекше сұранысқа ие болды.

"Біз ешкілеріміздің құр шөпке тойып, семіргенін қаламаймыз. Одан да миларын дамытып, пайдалы дүниеге үйрете білгенді жөн көрдік", - дейді зообақ күтушілері.

Бодидың кей кездері қағаз жеп қоятыны болмаса, ең талантты "шәкірттердің" бірі саналады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/364792-aksh-ta-suretshi-eshkinin-tuyndylary-halykty-tankaldyruda.html