RU

Назарбаев: Қазақстанда орташа өмір сүру жасы ұзарды

Қазақстанда орташа өмір сүру 71 жасқа дейін ұзарды. Бұл туралы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында "Ауылым- алтын бесігім" форумында мәлім етті.

"Біз Қазақстанда бұрын-соңды болмаған мектептер мен ауруханаларды салудамыз. Осының арқасында елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жасқа дейін өсті. Осының барлығы болашақ үшін жасалып жатыр. Жастар "Дипломмен - ауылға" үндеуін қабылдады. Алматы облысындағы ауылдарға 4 мың маман келді", - деді президент.

Сондай-ақ, форумға қатысушыларға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев жастарға ауылға барып қызмет істеу керек екенін  атап өтті.

"Егер денсаулық, білім нысандарын салатын болсақ, онда кім жұмыс істейді? Сондықтан ауылға барып, жерлестеріне көмектесулер керек", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/364838-nazarbaev-kazakstanda-ortasha-omir-syru-zhasy-yzardy.html