RU

Ақтаудағы театрдың актрисалары бұрынғы әріптестерін жала жапқаны үшін сотқа берді

Маңғыстаудың Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының қызметкерлері бұрынғы әріптесін сотқа берді.

Бұл туралы "Ладаға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

2014 жылы жұмыстан қуылған Дина Ахмеджан бұған дейін өзінің бұрынғы басшысын жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деп айып таққан болатын. Басты рөлді актерлік шеберлік емес, төсектегі “өнері” үшін береді деген актриса бұрынғы жұмыс орнын “жезөкшелер мекені” деп атады.

Театр қызметкерлері бұрынғы әріптесі бұл жаласымен оларды бүкіл Қазақстанға масқара қылғанын алға тартуда.

Театр әртісі Гүл Зиятова "өзі су ішкен құдыққа түкірген" әріптесінің бұл қылығына ашулы екенін жасырмаса, мекеменің бас режиссері Гүлсина Мерғалиева оның жаласынан кейін театр тексерістен көз ашпай жатқандығын айтты.

"Біз тексерістен қорықпаймыз.  Дина Ахмеджан өз сөзінен бас тартуы керек...Ол жалған айыбымен бүкіл Қазақстанның әртістеріне тіл тигізді", - дейді Мерғалиева.

Театр қызметкерлері Ахмеджанның өз ісі үшін жауап беруін талап етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/364889-aktaudagy-teatrdyn-aktrisalary-byryngy-eriptesterin-zhala-zhapkany-yshin-sotka-berdi.html