RU

Ғалымдар: Түні бойы ұйықтамай емтиханға дайындалу еш нәтиже бермейді

Ғалымдардың зерттеулері барысы ақпаратты ұмытпай, ұзақ есте сақтау үрдісінде ұйқының маңызы зор екенін көрсетті, деп хабарлайды University Herald.

Мамандар Drosophila шіркейіне зерттеу жүргізді. Олар шыбындарда есте сақтау қабілетіне қызмет ететін DPM-нейрондарын зерделеді. Зерттеу барысында DPM-нейроны белсенді болған кезде шыбындар ұйықтаған, ал нейрондар қызметі тоқтағанда, керісінше шыбындар сергек ұшып жүрген.

Ақпарат қысқа уақыт есте сақтаудан ұзақ уақыт есте сақтауға көше бастағанда, шыбындар ұйқыға кеткен. Яғни, ұйқысыз ақпарат игерілмеген.

Аталмыш үрдіс гиппокампқа ұқсас мидың саңырауқұлақ тәріздес бөлігінде орын алған.

Шыбындарда есте сақтауға жауап беретін саңырауқұлақ тәріздес бөлік ұйқы мен сергектік үрдістерін реттейді екен.

Зерттеушілер өздерінің тұжырымдары адамдардың ұйқысы мен есте сақтау қабілеті арасындағы байланысты көбірек білуге жәрдемдеседі деп үміттенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/364942-galymdar-tyni-bojy-yjyktamaj-emtihanga-dajyndalu-esh-netizhe-bermejdi.html