Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа тренд: әлемде құтылармен ерінді үлкейту флешмобы басталды (фото)

Опубликовано:

Батыс әлеуметтік желілерінде жаңа қауіпті сән үлгісі пайда болды деп жазды otpadus.com сайты. Ким Кардашьянның сіңілсі Кайли Дженнердің томпақ еріндеріне еліктеушілер ерін үлкейтудің жаңа тәсілін жаппай пайдалануда.

Жеткіншектер ауызды кішкентай құтыға кіргізіп, ауаны күшпен ішке қарай сору арқылы әдемі ерінге қол жеткізбек. Вакуум жағдайында еріндері томпайып шыға келеді.

Кайли Дженнердің табиғи томпақ еріндері

Батыс Twitter және Instagram желілерінде #kyliejennerchallenge хэштегі қойылған жеткіншектердің фотолары күн санап көбеюде.

Еріндерін үлкейту үшін оны 8-10 минут ауасы сорылған құтыда ұстап тұру қажет. Нәтижесінде еріннің көлемі үлкейеді.

Өзіне эксперимент жасағандар көбіне көгерген ерінге ие болады

Бұл тәсіл ерінді ауыртатынына қарамастан, көпшілік оның нәтижесі сағаттап, тіпті күндеп сақталатынына қызығуда. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/365059-zhana-trend-elemde-kytylarmen-erindi-ylkejtu-fleshmoby-bastaldy-foto/

pixel