RU

Қазақ тойында шешініп тастаған стриптизші қыз халықты шошындырды (видео)

Желіде қазақ тойында өнер көрсеткен стриптизші қыз туралы видео жарияланды.

Бұл туралы Алаш айнасы порталы хабарлайды.

"Күні кеше қызды алдына өңгеріп алып, домбыра қылып шерткен тойды көріп едік. Енді бүгін одан да сорақысы… Қақ ортада тырдай жалаңаш шешініп, стриптиз билеген бикеш басқа емес, қазақтың тойында жүр. Тойға "қой" дейтін кез келген сияқты ма? Немесе, осындай арсыздықтарға тыйым салатын заң қабылдасақ", - деп жазады портал.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Алматыдағы ұжымдық кештердің бірінде өнер көрсеткен стриптизші қыздарды көрген депутаттар бұған заңмен тыйым салу керектігін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/365075-kazak-tojynda-sheshinip-tastagan-striptizshi-kyz-halykty-shoshyndyrdy-video.html