RU

"Орда" тобы тарамайтын болды

Елімізге танымал "Орда" тобы тарайды деген ақпаратты топ мүшелері жоққа шығарды.

Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды.

"Алаш айнасының" ақпаратына сүйенген www.juldizdar.kz сайты "Орда" тобы тарады" деген мақала жариялаған болатын. Алайда, топ жетекшісі Ерболат Беделхан "Ордада" ешқандай өзгерістің болмағанын жеткізді.

"Ал қауесеттің шығуына топ мүшесі Нұрлан Алымбетовтың отбасылық жағдайына байланысты Қырғызстанның Бішкек қаласына қоныс аударуы себеп болуы мүмкін. Бірақ оның көшуі топ жұмысына кедергі келтірмейді",- дейді ол.

Құрылғанына 15 жыл болған "Орда" тобының жігіттері бүгінде отбасылы азаматтар. Жастары отыздан асып, қырыққа жетсе де "тыңдармандарымыздан ажырамайтынымыз анық" дейді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/365163-orda-toby-taramajtyn-boldy.html