RU

Айдай Исаева тұрмысқа шықты (фото)

"Әлем аруы-2014" байқауының қатысушысы Айдай Исаева Мақсат есімді жігітте тұрмысқа шықты, деп хабарлады әлеуметтік желідегі "Miss Kazakhstan 2014" тобы.

 

Мақсат пен Айдайдың тойына "Қазақстан аруы" байқауына қатысушылар мен жеңімпазы қатысқан. "Ресей аруы" Юлия Алипова тойда "қыз жолдас" қызметін атқарыпты.

Еске сала кетейік, Айдай Исаева - "Шымкент аруы-2008", "Алматының екінші аруы- 2013", "Қазақстан аруы - 2013", "Әлем аруы-2014" байқауының қатысушысы.Ол Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін тәмамдаған.

Қазіргі уақытта жеке клиникада отбасылық дәрігер болып жұмыс жасайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/365202-ajdaj-isaeva-tyrmyska-shykty-foto.html