RU

Ғалымдар күмістің рак ауруына шалдыққан адамдар үшін пайдалы екенін айтты

Шетелдік ғалымдар күмістің адам ағзасына шипалық қасиеті орасан зор екенін, аталған металлдың рак ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтетінін айтты.

  

Ата-бабалардың бұрын-соңды күміс ыдыспен тамақтанып, суды күміс ыдысқа сақтауы да тегін емес. Ол тістің қызыл иегін зақымданудан сақтайды, түрлі бактерияларды жойып, асқазан-ішек жолдарын тазартады.

Бұрын ауруға қарсы дәрілер өндірілгенге дейін күмісті ем ретінде жиі қолданған. Көптеген елдер күміс қосылған суды түрлі емге шипа ретінде пайдаланды. Мұндай су адамға қуат беріп, денені күні бойы сергек жүруге көмектеседі. Аталған микроэлементке қаныққан ағза сирек ауырады, тәбеті де жақсы болады.

Су күміспен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан, күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады дейді дәрігерлер.

Тіпті, ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, әлсіздік, тез шаршау пайда болатын көрінеді.

Сондай-ақ, шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондары адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеді. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының рак ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі бар екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/365244-galymdar-kymistin-rak-auruyna-shaldykkan-adamdar-yshin-pajdaly-ekenin-ajtty.html