Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақылбек Жеменей "Қызыл өрік" әнінен қанша пайда тапқанын айтты

Опубликовано:

Әнші Ақылбек Жеменей тойдың хитіне айналған "Қызыл өрік" әні оған қанша табыс әкелгенін "Comode" журналына жария етті.

Әнші "Қызыл өріктің" арқасында біраз байып қалғанын жасырмады.

"Көлік алдым, баспаналы болдым, өзімнің жеке дыбыс жазу студиямды аштым", - дейді әнші.

Ақылбектің репертуары концертке және тойға арналған әндерден тұрады. Өйткені, әнші той әндеріне қашанда сұраныс жоғары болатынын айтады.

Сондай-ақ,  Ақылбек шетелдің әндерін қазақшалап айтуға да оң көзқараспен қарайды. Тек авторлық құқықты сақтауға мән берген жөн екенін айтады ол. Әншінің ойынша, кейбір әнге қазақша әр беріп, өзгеше өңдесе әннің екінші тынысы ашылып, жаңаша шырқалады.

"Кейінгі кезде қазақ эстрадасында шетелдік әндерді қайталап орындау сәнге айналды емес пе? Мен де осы әдіспен ән айтып көрейін дедім. Әннің оригинал нұсқасы "Қызыл өрүктің" негзігі орындаушысы Мирлан Алықұлов атты қырғыз әншісі. Мирлан осы әнге авторлық құқық туралы патент алған соң  жақында Алматыға келді. Екеуіміз шығармашылықта ары қарай бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімшартқа отырдық. "Қызыл өрік" – менің репертуарымдағы өзге елден алынған бірінші ән", - деді  әнші.

Әнші әннің не себепті "Қызыл өрік" деп аталғанын көпшілікке түсіндіріп берді.

"Әнде жас жігіттің қызыл көйлекті аруға ғашық болғаны туралы айтылады. Ұнатқан қызының есімін сұрауға батылы жетпеген жігіт оны "Қызыл өрік" деп атайды. Біз әннің мәтінін ғана аудардық, ал әуені өзгеріссіз қалды. Қазақ тіліндегі мәтіннің авторы белгілі ақын Ринат Зайытов" - деді Жеменей.

Бүгінде әнші өзінің репертуарын толықтыра түсу мақсатында еңбек етіп жатқан көрінеді. Өйткені әнші өзін халық тек бір әннің орындаушысы ретінде қабылдағанын қаламайтынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/365276-akylbek-zhemenej-kyzyl-orik-eninen-kansha-pajda-tapkanyn-ajtty/

pixel