Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік жігіт өзінің қалай гейге айналғанын баяндады

Опубликовано:

Шымкенттік жігіт өзінің қалай гейге айналғанын баяндады. Бұл туралы Замана басылымы хабарлайды.

«Әкем мен анамды ойласам, өмірден түңіліп кетемін. Менің және өзге де жігіттердің істеп жүргендерінің өте ауыр күнә екенін білемін. Бірақ нәпсіні тежеу мүмкін емес екен. Күндердің күнінде гей атанамын деп үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Бала күнімізде гейлердің кім екенін де білмей өстік қой. Мені осындайлардың қатарына қосқан көршімнің баласына әлі күнге дейін лағнет айтамын», -дейді Мұрат есімді жігіт.

Банкте менеджер болып қызмет ететін ол гейлер қатарына қалай қосылғанын баяндап берген.

«Ол кезде мен 10-12 жасар бала едім. Көрші үйдің мектеп бітіргелі отырған баласы: «Мұрат, сен секс деген не екенін білесің бе? Өмірдің бар қызығы сонда», – деп жыныстық қатынас жасауға итермеледі. Және ол маған бірте-бірте ұнай бастады. Осылайша мен қыздарға мүлдем қызықпайтын болдым. Кейін әлгі көрші жігіт мектеп бітіріп, қалаға кетіп қалды. Мен ауылда еркек аңсап қала бердім. Қазіргідей интернет, порнофильм жоқ, әбден қиналатынмын. Сыныптағы әдемі жігіттерге өлердей ғашық болып, реті келсе солардың үйіне қонып, құшақтап, жақындасқым келіп тұратын. Менің бұл әдетімді олар жай ғана достың құшақтауы, әзіл деп түсінетін», - деп әңгімелейді Мұрат.

Ол білім алу үшін Алматыға келген соң өзіне ұнаған жігіттермен сауық-сайран құрып, қалағанынша өмір сүргенін айтады.

«Менің ең шынайы махаббатым, яғни ұзақ уақыт қарым-қатынас жасаған жігітімнің есімі – Арман. Ол мен оқыған университетте, бізден екі курс жоғары оқитын. Күндердің күнінде жоғары оқу орындары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылып, соған қатысатын болдық. Арманмен осы жерде таныстым.Дос ретінде араласып тұрғым келетінін айтып, жиі хабарласатын болдым. Тіпті өзге достарымызбен кафе-мейрамханаларға бірге барып, сыралатып тұратынбыз. Сондай кештердің бірінде мен оны өз пәтеріме қонуға шақырдым», - дейді ол.

Ол Арманмен бір пәтерде 2 жарым жыл тұрған. Тек өзінің әкесі науқастанып, ауылға кететін болған соң екеуі айырылысқан.

«Шымкентке келген соң «Ерекше жаратылғандар» арқылы бірнеше жігітпен кездесіп көрдім. Бірақ Арманды, онымен өткізген күндерді өзгелерден сезіне алмадым. Гей дегендердің нашақорлардан айырмашылығы болмай қалады. Еркек аңсағанда өзіңді қоярға жер таппайқаласың», - дейді Мұрат.

«В контакте» желісінде «Ерекше жаратылғандар» деген арнайы топ бар. Бұл топқа қазақтың жас жігіттері тіркеліпті. 500-ге жуық гей бар. Олар өзара бір-бірімен танысып, пікір білдіреді. Өздерін мазалап жүрген сауалдарға жауап іздеп, мұндай жолға қалай түскендіктерін ортаға салады.

Әңгіме соңында маникюр-педикюр жасатып тұратынын айтқан Мұрат келіншек алып, отбасын құру туралы ойы барын да жасырмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/732578-shymkenttik-zhigit-ozininh-qalay-geyge-a/

pixel