RU

Өскеменде жатақхананың 7-ші қабатынан құлаған келіншек көз жұмды (фото)

Өскемен қаласының тұрғыны жатақхана балконынан құлап, жан тапсырды деп хабарлайды yk-news.kz.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әйел адам киоскіге соғылып, кейін жерге құлап түскен.

«Біз гүрс еткен дауысты естіп, жүгіріп шыққанымызда, шалқасынан жатқан әйелді көрдік. Ол әрең дегенде демалып жатты да, оқиға орнында көз жұмды», - дейді көшедегі саудагерлердің бірі.

Сол үй маңындағы  дүкен сатушысы балконнан құлаған әйелді бірнеше рет көргенін айтқан.

«Ол үнемі азық-түлік алуға келетін. Жақсы киінетін, ішімдікке әуесі жоқ еді. Естуімше, кеше оның үйіне құрбысы келіп, екеуі ішімдік пайдаланған. Кейін ортақ балконға шылым шегуге шыққан соң, осы оқиға болды. Балконда не болғанын білмеймін, балкон тіреуіштері сынып кеткен шығар, мүмкін. Өйткені, балконның тура ортасы сынған», - дейді сатушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/741956-oskemende-zhataqkhananynh-7-shi-qabatynan.html