Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басынан бұлт кетпеген барахолка қанша рет өртенді?

Опубликовано:

Базарлар неге таңға жуық немесе түнде, болмаса, кешқұрым тұтанғыш болып кетті? 31 арна 2013 жылдан бері Барахолканың қанша мәрте өртке оранғанын есептеп көрді.

Бұл -  жыл басталғалы Барахолка маңайында болған өрттің алғашқысы емес. Осыдан он күн бұрын "Байсат" базарында бірнеше қойма жанған болатын. Ал былтырғы, одан арғы жылдары Барахолка қанша мәрте жанды? Саудагерлердің өзі есебінен жаңылды. Төтенше жағдай департаментіндегілер болса, оны есептеу үшін, "уақыт керек" десті.

Үш-төртеу емес, бесеу-алтау да емес! Бір базардың бір емес, екі мәрте жанғаны тағы бар. Алдымен, аттарын атасақ. Аян, Олжа, Керемет, Алатау, Құлагер, Юпитер, Алатау-1, Алатау-2, Глория, Арал, Кенжехан, Байсат. Бір ғана көшенің бойында орналасқан бірнеше базардың басына бірнеше мәрте бұлт үйірілді. Бірнеше мәрте саудагерлер сазға отырды. Лапылдап жанып жатқан тауарына қарап, жандарын қоярға жер таппай, сабылды. Оның бәрін емес, бірнешеуіне ғана тоқталсақ.

Қызыл жалынды ауыздықтауға арнайы ұшақтар аспаннан су бүріккен бұл өрт- көп саудагердің әлі күнге есінде. 2013 жылдың 13 қыркүйегі. "Олжа" базарында басталған өрт "Аян", "Керемет" базарларына ұласып,  "Алатау" базарын да шарпып үлгерген сол кезде. Өрт аумағы да үлкен болды -  5 мың шаршы метрден астам аумақ өртенген. Кейін шығын көлемі есептелді:  "Аян" - 20 млн 730 мың теңгеге, "Олжа" - 590 мың теңгеге, "Керемет" базары - 4 млн 883 мың теңгеге шығындалыпты. Ал өртенген кеңсенің  шығыны - 656 мың теңге болған. Бірнеше сағатқа созылған өртті ауыздықтауға тікұшақтарға дейін жұмылдырылған өртті сөндіру жұмысына 12 млн теңге жұмсалыпты.

Осы оқиғадан соң, араға ай салмай жатып, Барахолкада тағы да ірі көлемде өрт болды. 2013 жылдың 17 қарашасы күні  -  "Құлагердің" аяқ киім қойылған сөрелері қызыл жалынға оранды. Өрт, Глория мен Аралды да шарпыды. Ал, араға тура бір жыл салып, 2014 жылдың қыркүйек айында - "Алатау", ақпан айында "Юпитер" мен "Алатау-1" базарлары өртке оранды. Бір қызығы - көбінде тілсіз жау  таңға жуық тұтанған. Кейде кешқұрым  мезгілде, ел жұмыстан қайтқанда жанатын болған. Бүгінгідей...

"Ешкім көріп тұрмаған кезде жасайды ғой. Қасақана өртеуі мүмкін", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Райхан Көкешова.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше,  2014 жылдың ақпан айынан осы жылдың ақпаны аралығында республикада 49 базардың өртену жағдайы тіркелген. Ал, дәл Барахолканың қанша мәрте өртке оранғанын қалалық төтенше жағдай департаментіндегілер бірден айта алмаймыз, дейді. Өйткені, есептеу үшін, уақыт қажет көрінеді.

"Адем" секілді Барахолкадағы "Алатау" базары да кешкі сағат тоғызда өртке оранған болатын. Дәл сондағы "Юпитер" таңғы сағат сегізде қызыл жалынға оранған. Ал, таяуда ғана болған Түркістандағы алапат өрт те таңға жуық басталыпты. Яғни бұл базарларға ортақ ұқсастық - олар түнде немесе таңға жуық жанғыш келеді, сондықтан бұлардың барлығына  өрт қасақана қойылған, дейді саудагерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/742085-basynan-bult-ketpegen-barakholka-qansh/

pixel