RU
Сот Қайрат Жамалиевтің мүлкін тәркіледі

Сот Қайрат Жамалиевтің мүлкін тәркіледі

Рассказать Вконтакте

Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты  "бопсалаушылық" бабымен айыпталған Қайрат Жамалиевтің  мүлкін тәркіледі.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

2015 жылдың 25 сәуірінде Есіл аудандық соты полиция подполковнигі Виталий Шутьконың Жамалиев мүлкін тәркіге алу өтінішін қабылдады.

"Еліміздің қылмыстық кодексінің 161 бабы бойынша соталды тергеу жұмыстарын жүргізуші тұлға айыптының заттарын тәркіге алу шараларын жүзеге асыруға міндетті", – деп мәлімдеді сотта.

Нәтижесінде, Жамалиевтің келесі дүниелері тәркіге алынды: Lexus LX 570, Mercedes Benz S500, Lamborghini Gallardo көліктері, 821303 тіркемесі, ААВ 81012В тіркемесі, Астанадағы пәтері мен жер үйі.

Шешім сот үкімін өзгертуге шағым беру мерзімі біткен сәттен бастап заңды күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетсек, 24 сәуірде Нұрлан Жұмағұлов 24 жастағы баласы Әлібидің соққыға жығылғанын әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Оның арызы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Әлібиді кәсіпкер Жамалиев әйелі үшін ұрған болуы мүмкін деген болжамнан кейін, Қайрат Жамалиевтің жұбайымын деп өзін таныстырған Айнұр Исина бұл ақпарды жоққа шығарған болатын.

Айыпты Жамалиев - "Jelsomino" бутиктерінің, "Артист" караоке-барының және "Habibi" мен "Молоко" ресторан желілерінің қожайыны. Сонымен қатар, "ПАРИТЕТ 2003" құрылыс компаниясының бас директоры.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel