Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да жанармай құю бекетіне жасалған қарулы шабуылдан бір адам қайтыс болды

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына қарасты Қараспан ауылында белгісіз біреулер жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасады.

Нәтижесінде, екі адам жарақат алып, бір адам ауруханада көз жұмды деп хабарлайды ТВК арнасы.

Арна қызметкерлерінің хабарлауынша, оқиға 28 сәуірге қараған түні болған.

Белгісіз біреулер Қараспан ауылындағы жанармай құю бекетіне шабуыл жасап, басынан оқ тиген май құюшы, кассир және күзетші ауыр халде ауруханаға түсті. Алдын ала болжам бойынша, қаскөйлер тас жолда көліктер аз болған кезде өз жоспарларын іске қосқан.

Өкінішке қарай, 24 жастағы кассирді құтқарып қалу мүмкін болмады. Төменарық ауылының тұрғыны ауыр жарақаттан көз жұмған. Айта кетерлігі, сол күні кассир жұмысқа шықпауы керек болатын.  Алайда, ол аяғы ауыр әріптесін бір күнге алмастырған.

Бүгінде аталған іс туралы полиция қызметкерлері нақты мәлімдеме жасаған жоқ. Қаскөйлер адам өлтіргенімен қоса, кассадан 600 мың теңгені қолды еткен.

Аталған жанармай құю бекетіне бұдан бірнеше жыл бұрын шабуыл жасалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/743209-oqo-da-zhanarmay-quyu-beketine-zhasalghan/

pixel