Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев құттықтау хаттарын оқып үлгермей жатыр

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс үстелі құттықтау жазылған жеделхаттарға толды. Елбасын сайлаудағы жеңісімен Меркель мен Олланд құттықтады деп хабарлайды КТК.

Германия канцлері мен Франция президенті Назарбаевтың қуанышына ортақтасып екі арадағы байланысына жоғары баға берген.

Сондай-ақ,  Ақорда қожайынын сайлаудағы айқын жеңісімен  Италия,Сингапур, Мысыр, Латвия, Монғолия, Финляндия президенттері мен Иордания королі құттықтап жеделхат жолдады.

Бірінен соң бірі келіп жатқан осындай ізгі тілекке толы хаттарды президент канцеляриясы Елбасының кабинетіне жеткізіп үлгермей жатыр.

Назарбаевтың қызметтік телефонына қоңырау шалып жатқандар да толастар емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/745819-nazarbaev-quttyqtau-khattaryn-oqyp-ul/

pixel