RU

Айсұлтан Назарбаевтың жұбайы алғаш рет сұхбат берді (фото)

Айсұлтан Назарбаевтың жұбайы, 22 жастағы Әлима Назарбаева  SNC Kazakhstan журналының мұқабасына шығып, сұхбат берді деп хабарлайды Comode.kz.

Бүгінде «Астана» ұлттық сурет галереясында куратор болып қызмет атқаратын өнертанушы Әлима жұртшылық алдында тұңғыш рет өзі туралы әңгімелеген.

«Мені кішкентайымнан жақсы киіндірді. Менің басымда үйім болатын, саяхаттау және тағы басқа қызықтардан құр қалмадым. Мұндай отбасыда өмірге келу арқылы мен жолым болды деп айта аламын. Себебі, көп адамның мұндай мүмкіндігі жоқ. Сондықтан менің үнемі адамдарға көмектескім келеді», - дейді Әлима.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда өзінің арт-галереясын ашып, өнертану сабақтарын жүргізгісі келетінін айтқан.

Елбасының отбасына келін болып түскен Әлима дүркіреп өткен үйлену тойлары туралы айтуды да ұмытпады.

«Біздің тойымызда болған көптеген танымал адамдар - ата-анамыздың жолдастары. Олар тойға сахнада өнер көрсететін әртіс емес, қонақ ретінде қатысты. Тағы бір айта кетерлігі, Бейонсе тойымызда болған жоқ», - деді Әлима.

Сұхбат соңында ол Алматы мен Астананы салыстыра келе, өз таңдауының Астанаға түскенін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/746988-aysultan-nazarbaevtynh-zhubayy-alghash-r.html