Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2015 жылдың ҰБТ нәтижелері құпия ақпаратқа жатқызылатын болды

Опубликовано:

2015 жылғы ҰБТ өткізу ережелері өзгерді. Енді Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері құпия ақпараттар қатарына енеді.

Талапкерлердің жинаған балдары жарияланатын тізімде сынақ тапсырушылардың аты-жөндері ЖСН (жеке куәліктің төменгі жағындағы 11 сан) нөміріне ауыстырылатын болды деп хабарлайды YK-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ .

№ 36 Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Людмила Гейцманның айтуынша, бұған дейін тапсырушылар жинаған балдардың бәріне жария болуы үміткерлер арасында дау-дамайлар тудырып келген. Людмила Гейцман өздерінен қатарластары артық жинағанын білу оқушылардың психологиясына да әсер ететінін алға тартады.

Енді тапсырған сынақтың нәтижелерін білу үшін оқушыға үйінен шықпауына да болады. Олар Ұлтттық тестілеу орталығының сайты www.testcenter.kz-те жарияланады.

Нәтижені білу үшін оқушыға өз ЖСН-ін және тест тапсырушының жеке нөмірін (нөмір тапсырушыға тестке тіркелген сәтте беріледі) енгізу жеткілікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/750026-2015-zhyldynh-ubt-natizheleri-qupiya-aqparat/

pixel