RU
Қазақ балуаны Катардағы Азия біріншілігінде чемпион атанды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ балуаны Катардағы Азия біріншілігінде чемпион атанды

Рассказать Вконтакте

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

Қазақ балуаны Катардағы Азия біріншілігінде чемпион атанды

Бұл туралы әлеуметтік желідегі Kazakhstan Wrestling Online парақшасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Балуандар бәсекесін алғаш болып еркін күрес шеберлері бастаған. Руслан Өмірәлиев жаттықтыратын еркін күрес балуандары арасынан жалғыз алтынды 61 келіде белдескен Дәулет Ниязбеков жеңіп алды.

Алдымен пәкістандық спортшыны таза жеңген Дәулет қырғыз балуанын 9:0 есебімен ұтса, жартылай финалдағы аса тартысты белдесуде моңғолиялық Номин Батболды 15:10 есебімен жеңді.

Ал финалда ирандық Бехнам Эхсонпурды 4:3 есебімен жеңді.

Дәулет Ниязбеков Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ол былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында қола медаль, ал Лондон Олимпиадасында 5-ші орын алған еді.

Ертең грек-рим күресі балуандары кілемге шығады.

 

 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel