Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысының әкімдігі шулы фотоға қатысты түсініктеме берді

Опубликовано:

Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев түскен сурет әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.

Ғаламторда жарияланған фотода соғыс ардагері  жаңбырдың астында тұрғаны, ал қасындағы Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевқа көмекшісі қолшатыр ұстап тұруы көпшіліктің ашуын келтірген болатын.

Dixinews.kz бұл фото Сәлімжан Нақпаевтың көмекшісі Әсет Үмбетов қолшатырды ардагерге енді апармақшы болған сәтте түсірілген деп ақталды.

"Бұл мен енді ардагерге қолшатыр ұсынуға жақындай бергенде түсірілген фото болатын. Кейін мен ардагердің қасына келіп, оған қолшатыр ұстап тұрдым. Не себепті аталған фотоның жоқ екенін білмедім. Жаңбыр мен жел үдей түскесін, екпінінен бүркеу ниетімен араларына тұрған болатынмын (ардагер мен Нақпаевтың — Dixinews ескертпесі). Қазір мен өзге фотоларды да беруін сұрап, Жылыой ауданына байланысқа шығуға тырысудамын", — деп түсіндірді әкім орынбасары.

Әсет Үмбетов өз сөздерінің дәлелі ретінде фотоларды да ұсынып үлгерді.

Бұл фото бұдан бұрындары жарияланған фотодан сәл кейінірек түсірілген.

Естеріңізге сала кетсек, даулы фотоны бүгін, 8 мамыр күні, Facebook әлеуметтік желісінде Dauren Omarkhanov есімді пайдаланушы жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/751788-atyrau-oblysynynh-akimdigi-shuly-fotogh/

pixel