RU

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады zhetysu.gov.kz.

Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев 1963 жылы туған. Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін және Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясын бітірген. Мамандығы бойынша - механик, заңгер.

Еңбек жолын В.И. Ленин атындағы Павлодар трактор зауытында инженер-конструктор болып бастаған. Әр жылдарда Кербұлақ аудандық комсомол комитетінде және жергілікті атқару органдарында жауапты қызметтерде болды. Кейін Алматы облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бас маман, бөлім бастығы, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2011 жылдың мамырынан - Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/752026-taldyqorghan-qalasy-akimininh-zhanha-ory.html