Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Опубликовано:

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен көпшілікке паш етті.

1955 жылы 28 қазанда өмірге келген Билл Гейтс әлемдегі ең бай адамдардың көшін бастап тұр. Forbes журналының 2015 жылғы мәліметі бойынша оның бар дүние-мүлкі $79,2 млрд-қа бағаланған.

Сонымен Билл Гейтс табысты болу үшін төмендегідей бірқатар кеңестерді тізіп берді, деп жазады "Хабар" арнасы.

"Мен жұмысқа жалқау адамдарды аламын. Себебі олар кез келген қиын мәселені шешудің оңай жолын тез-ақ табады. Өз жұмысыңыздан ләззат алыңыз. Сол кезде ғана сіз өмір бойы жұмыс істемегендей сезімді бастан өткересіз. Барлық арман орындалмайды. Мысалы мен аспаз болуды мақсат тұтқанмын. Бірақ олай болмады", - дейді Microsoft корпорациясының негізін қалаушы.

Билл Гейтс аты-жөні ғаламторда жоқ кәсіпкер бизнестен тым алшақ деп есептейді. Сондай-ақ 500 жыл өмір сүретіндей бейқам болуға кеңес береді.

"Жаңа іс бастау ешқашан да кеш емес. Егер басыңызға жақсы идея топ ете қалса, оны дереу іске асыруға талпыныңыз. Кез келген жобада өз мақсатыңды нақты түсінбеу, табысты болуға кедергі келтіреді", - деп ақылымен бөлісті Гейтс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/752874-bill-geyts-tabysty-boludynh-qupiyasyme/

pixel