RU

Мөлдір Әуелбекова сүйіктісінің фотосын жариялады

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова көпшілікке сүйіктісінің фотосын жария етті деп жазды baistars.kz сайты.

"Кеш YOU"-ден кеткелі жеке шығармашылығын шыңдап, оған қоса продюсерлікпен айналысып жүрген әнші бұған дейін тұрмыс құру мен жүрегін жаулаған жан туралы көп айта бермейтін. Бүгін ол көпшілікке жұмбақ жайттың бетін ашты.

"Өміріңдегі үлкен сәттілік – теңіңді тауып, оның жүзіне тамсана қарау, қызыға тыңдау, шын ниетпен күлу және әр кездесуді тағатсыздана күту… Туылған күніңмен!" деген жазбамен әнші инстаграмға сүйіктісінің фотосын жүктеді.

Бұл жағдайға Мөлдірдің жанкүйерлері аң-таң болып, түрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Бірі бақыт тілесе, енді бірі "сізге қарағанда жасы үлкендеу көрінеді",- дейді.

"Өмірде жетістікке жеткен жақсы, ал қалағаныңа сүйіктіңмен бірлесе қол жеткізген тіпті керемет. Карьераның артында кәрілік бар, суретті жариялағанына қарағанда, тойдың да ауылы алыс емес сияқты" - деп жазды сайт тілшісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/753018-moldir-auelbekova-suyiktisininh-foto.html