RU

Өскеменде жүкті әйел түсік тастатып, шаранасын бұта арасына тастап кетті

Облыстық орталықта тұрақты үйі жоқ әйел өзіне жасанды түсік тастатып, жансыз нәрестесін бұталар арасына қалдырып кеткен.

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Әйел өзінің жүкті екенін жантүршігерлік ісінен бір апта бұрын дәрігерлерден білген. Азаматша бұл әрекетінен кейін денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөліміне түскен.

Полицияның айтуынша, жаға ұстатарлық жағдай 30 сәуірде болған. Құқық қорғаушыларға жедел жәрдем қызметкерлері үйсіз әйелдің мерзімінен бұрын босанғаннан емханаға түскенін хабарлады. Көп ұзамай тәртіп сақшылары туылмаған сәбидің мәйітін жедел жәрдем шақырылған жердің маңындағы бұта араларынан тапқан.

Полиция мерзімі тақаған жүкті әйелдің жасанды түсік тастауына не себеп болғанын анықтауда.

Дәрігерлер әйел іші ауырып, емханаға келгенде оған аяғы ауыр екенін ескерткен екен. Алайда болашақ ана тіркеуге алынып, емдік курс қабылдаудан бас тартқан. Полиция әйел әдейі түсік тастауы мүмкін деген болжам жасауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/754949-oskemende-zhukti-ayel-zhasandy-tusik-ta.html