RU

Семейде қызымен қыдырып жүрген жігіт көпірден секіріп кетті

Семейде жас жігіт  аспалы көпірден  секіріп кетті.  Сүңгуірлер жігіттің денесін іздестіруде.

Қалалық судан құтқару қызметінің бастығы Қуанышбек Байтуғановтың айтуынша, жас жігіт көпірдің үстінде қызымен келе жатып, белгісіз жағдайда суға секіріп кеткен.

Бір анығы, жасы жиырмадан енді ғана асқан азамат Аягөз қаласынан Семейге қыдырып келіпті. Кейбір деректерге қарағанда, марқұм жігіт Аягөздегі әскери мекемеде еңбек еткен.

"Былтыр бізде осы айда екі адам суға кеткен еді. Бұл оқиға абайсызда болған. Биыл өздерінен - өздері көпірден секіреді. Машинамен секіреді. Өз-өздерінен суға кетіп жатыр. Мұның бәрін «суицид» деп атаймыз. Бірақ та ол адамның өмірі ғой. Сондықтан менің сұрайтыным балаларға сақ болу керек",- дейді  Семей қалалық Судан құтқару қызметінің бастығы Қуанышбек Байтуғанов.

Көпірден секірген жігіттің денесін іздеуге 3 маман кірісті. Айта кетейік, жыл басынан бері Семейде 4 адам суға батып кеткен екен.

Мамандардың айтуынша мұндай суицидтік жағдай көбіне жауапсыз махаббат салдарынан немесе сүйіктісімен келіспей қалу кесірінен болып жатқан көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/755221-semeyde-qyzymen-qydyryp-zhurgen-zhigit.html