RU

Ең үздік 20 жапондық спорт көліктері (фото)

Спорт көліктері туралы сөз қозғалса көпшілік таңдауы еуропалық көліктерге ауады. Дегенмен Жапония да көштен қалыспай, өз спорт көліктеріне көлік нарығында жайлы орын сайлап үлгерген.

Көлік өндірісі тарихындағы ең үздік 20 жапондық спорт көліктерінің фотосын назарларыңызға trendymen.ru сайты ұсынады.

1. Datsun Sports (Fairlady) 1500/1600/2000, 1959 жыл.

2. Honda S500, 1963 жыл.

3. Toyota Sport 800, 1965 жыл. Toyota-ның ең алғашқы спорт көлігі деп есептелінеді.

4. Toyota 2000GT, 1967 жыл. Бұл көлікті шығару үшін жапондық көлік өндірушілеріне Yamaha-мен бірігуге тура келген.

5. Datsun (Fairlady) 240Z, 1970 жыл. Бүл көлік өз кезеңінде британдық және итальяндық түпнұсқаларымен қатар қойылып жүрді.

6. Mazda RX-2, 1971 жыл. Бұл көлікпен кезінде жүргізушілері Бонневилль трассасында сағатына 257 километр жылдамдықпен жүйткіген.

7. Mazda RX-7, 1979 жыл. Ал мына көлік аталмыш трассада сағатына 290 километр жылдамдыққа үдей алады.

8. Datsun Maxima, 1982 жыл. Спорт седаны 240Z маркасының көп бөлшектерін қайталаған.

9. Toyota MR2, 1985 жыл. Бұл купе Ferrari спорт көліктеріне еліктеп жасалынғаны байқалады.

10. Honda Prelude, 1988 жыл. Спорт-седандарының қатарына жатады.

11. Mazda MX-5 Miata, 1990 жыл. Бұл родстер әлемдік деңгейде атақты болған.

12. Acura NSX, 1991 жыл. Алюминийден жасалған тегіс корпус пен 3-литрлік V6 қозғалтқышы бар бұл спорт көлігі ұзақ жылдар жүргізушілердің арманы болған.

13. Mazda RX-7, 1992 жыл. RX-7-нің үшінші және соңғы буыны саналады.

14. Honda S2000, 2000 жыл. Бұл көлік брендтің 50 жылдығына орай шығарылған.

15. Mitsubishi Lancer Evolution VIII, 2003 жыл. Америкалық нарықта бұл авто Brembo тежегіштерімен және Bilstein ароматизаторларымен шықты.

16. Mazda RX-8, 2004 жыл.

17. Nissan GT-R, 2009 жыл.

18. Lexus 500 LFA, 2012 жыл.

19. Subaru BRZ, 2012 жыл.

20. Lexus RC F, 2015 жыл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/755477-enh-uzdik-20-zhapondyq-sport-kolikteri-fo.html