RU

Астанада 11-ші қабаттан секірген қыздарға қатысты жаңа дерек шықты

Астанада  9-шы сыныпта оқитын екі қыз бүгін қол ұстасып 11-шы қабаттан секіріп өлді. Жасөспірімдердің биіктен секіруге оқталып жатқанын қарама-қарсы үй тұрғындарының бірі ұялы телефонына түсіріп алған.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Жантүршігерлік видео бүгін лезде интернетте тарап жұрттың төбе шашын тік тұрғызды. 12 қабатты үйдің 11-шы қабатынан секірген қыздар асфальтқа түсіп, сол жерде жантәсілім еткен.

Қос жеткіншек басқа ауданнан Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі тұрғын үйге келіп, жақындарынан таса жерде суцидке баруды алдын-ала ойластырыпты.

Алдымен тамырларын кесіп, біртүсті қара шалбар мен қара аяқ киім киген. Өздеріне қол салған қыздардың аты-жөні де белгілі. Астанадағы №46-шы мектепте оқитын 16 жасар Лолита Шишова мен Виктория Нефильд.

Соңғысы бұған дейін асылып өлмек болған екен. Қос қыз да әкесіз өсіп, шешесінің қолында тәрбиеленген. Ал Лолита мен Виктория секіріп кеткен балконда олар мінген үстел әлі тұр. Қазір сұмдық оқиға бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Оқиға таңғы сағат 10-шамасында болды. Балконда темекі шегіп тұр едім, көз алдымнан екі қыз төменге зу етті. Айқайлаған дауыс естіген жоқпын. Дереу жедел жәрдем мен полиция шақырттым. Қанталаған қыздардың денесі, әлі есімнен кетер емес. Адам шошырлық жайт", - дейді  оқиға куәгері Серік Мұқсанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/756840-astanada-11-shi-qabattan-sekirgen-qyzdar.html